Қайрат Нұртас қамауға алынды
Әншінің үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалған
Қайрат Нұртастың үстінен әкімшілік іс қозғалып, қамауға алынды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әнші «Алматы-Астана» рейсі бортында бұзақылық әрекетке барған.
«Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсі бортындағы ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жолданды, - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.
Айта кетейік, бұған дейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Іс материалдарына сәйкес, Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан.
Сотта Қабатов стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдіргені анықталды. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.