Терроризмге қарсы операция режимі тоқтатылды
Қазақстандағы бірқатар қалада террористік қауіптің «сары» деңгейі алынып тасталды, деп хабарлады Терроризмге қарсы орталық.
ШЫҰ-ға саммиті мен Қытай төрағасының мемлекеттік ресми сапарының аяқталуына байланысты «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның 13 және 15-бабына сәйкес күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын өткізу кезінде Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде Мемлекеттік күзет қызметі басшысы терроризмге қарсы операция режимін 4 шілденің 23 сағат 59 минуттан Астана қаласында алып тастау туралы шешім қабылданды, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығымен бекітілген «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларына» сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан террористік қауіптің бірқалыпты («сары») деңгейі алып тасталады.
Енді күштік құрылым бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істейді.