×

Биыл Батыс Қазақстанда туристер саны күрт артқан

Тағы үш қала саяхатшылар үшін тартымды болған

 Қымбат Елтайқызы 04.07.2024 | 17:10
фото: Halyq Uni

Еліміздегі ішкі туризм 2024 жылдың бірінші тоқсанында жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ресми статистикаға сәйкес, 2024 жылғы қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 493 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған. Ішкі туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145 мың адамға көбейген, деп мәлімдеді Туризм индустриясы комитеті.

Алматы, Астана және Шымкент қалалары жалпы ішкі туристер үлесінің 46%-ын тарта отырып, ішкі туристік бағыттар арасында көшбасшы атанды. Сондай-ақ, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда еліміздің 14 өңірінде туристер санының өскені байқалды. Әсіресе, 187%-ға өсім көрсеткен Батыс Қазақстан облысы ерекше көзге түсіп отыр, – деп толықтырды ведомство.

«2024 жылдың бірінші тоқсанында ішкі туризм көрсеткіштерінің айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Бұл – туристік инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы мақсатты жұмысымыздың нәтижесі. Біз Қазақстанды әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін одан да тартымды етуге тырысамыз. Сондай-ақ ішкі саяхаттар үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, осы секторды серпінді дамытуды жалғастырамыз», – деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама