Halyq Uni логотип
×

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 2 мыңнан астам адам жазаланды

Бүгінде 31 орман мекемесі күзетпен қамтылған

 Динара Амантай 04.07.2024 | 16:05
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 2 мыңнан астам адам жазаланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт тұрғысынан қауіпті кезең басталғалы бері қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Орман өрттеріне уақтылы ден қою үшін ТЖМ күштерімен орманшылықтарда күзет ұйымдастырылды. Бүгінде 31 орман мекемесі күзетпен қамтылып, 34 уақытша бекет ұйымдастырылды. Сондай-ақ табиғи өрттердің туындауына жедел ден қою үшін су төгетін құрылғылары бар тікұшақтардың кезекшілігі ұйымдастырылды.

Ведомство өкілдеріне мәліметінше, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан ТЖМ бөлімшелерімен шекара маңындағы және шектес аумақтарда туындайтын табиғи өрттер кезінде өзара іс-қимылды пысықтау бойынша кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, өрттердің жан-жақты алдын алу мақсатында орманды дала алқаптарда мобильді топтардың рейдтері жүргізіліп жатыр. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биыл Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Қостанай, Жетісу, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында орманды дала өрттері тіркелді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрттер уақтылы жойылды. Өрттердің туындау жоспарында негізінен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Абай облыстарында кездесетін қылқан жапырақты орман алқаптары ықтимал қауіпті болып саналады, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Жазғы маусымда өртті болдырмау үшін ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және өрт фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады. Шөпті жағуға, сондай-ақ ормандарда, қалың бұталарда, егіннің жанында от жағуға тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама