Halyq Uni логотип
×

Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 04.07.2024 | 13:53
Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Фото: Halyq Uni

Ақтауда жедел жәрдем фельдшерін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдіктіге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазір аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 30 маусымда түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз. Оның миы шайқалып, бетінің көп жері көгерген. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама