Ақтөбеде куәлігі жоқ жүргізуші жолаушы тасымалдаған

Динара Амантай

Автобус арнайы автотұраққа қойылды

Фото: polisia.kz

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат жолаушылар тасымалымен айналысқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе-Орынбор автожолында патрульдік полиция қызметкерлері ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде жеке тасымалмен айналысып жүрген автобус жүргізушісінің 2020 жылы сот қаулысымен 7 жыл мерзімге көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазір автобус арнайы автотұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұсталған азаматқа 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады немесе 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.