Астанада су айдындарында ереже бұзған 400-ге жуық адам жауапқа тартылды
Қалалық ТЖД профилактикалық іс-шараларды күшейтті
Елорда су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау мақсатында Астана қаласының ТЖД полиция, Ұлттық ұлан қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп, қала су айдындарында профилактикалық іс-шараларды күшейтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына үгіт-насихат жадынамалары мен брошюралар тарата отырып, су айдындарындағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері түсіндірілді.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, биылғы шомылу кезеңінің басынан бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес су айдындарында 364 адам және 412-баптар бойынша 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ қоғамдық орындарда алкоголь ішу ережелерін бұзғаны үшін 440-бап бойынша 42 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.