Комитет төрағасының бұйрығы жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы нұсқаулық бекітілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Нұсқаулық Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 90/қе бұйрығымен бекітілген.
Соған сай, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдау, сондай-ақ, олардың Әлеуметтік кодекс пен Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтауды ҰҚО қызметкерінің, әскери қызметшісінің соңғы қызмет орны бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшесінің, ҰҚК ведомстволарының, аумақтық және өзге де органдарының кадр бөлімшелері іске асырады.
Зейнеткерлік істерді жүргізуді және сақтауды, зейнеткерлермен және қайтыс болған зейнеткерді жерлеуді іске асырған адамдармен өзара іс-қимыл жасауды аталған адамдардың тұратын жеріндегі тұрақты тіркеу бойынша ҰҚКД кадр бөлімшелері іске асырады.
Өтініш беруші ҰҚО кадр бөлімшесіне соңғы қызмет орны бойынша құжаттарын ұсынады.
Барлық құжат келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ҰҚК КД: