Halyq Uni логотип
×

Қазақстан шетелде оқитын студенттер саны бойынша әлемде 9-орында тұр

Әлем бойынша Қытай мен Үндістан шетелде білім алу жөнінен көш бастап тұр

 Ербол Тұрымбет 03.07.2024 | 16:10
Қазақстан шетелде оқитын студенттер саны бойынша әлемде 9-орында тұр
Фото: Halyq Uni

ЮНЕСКО статистикалық институтының жаңартылған деректері бойынша Қазақстан шетелде оқитындар саны жөнінен әлемде 9-орында тұр – 91,2 мың студент, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық инвсеторлар қауымдастығының жазуынша, әлемдегі ең тығыз қоныстанған екі ел – Қытай мен Үндістан шетелде оқитын студенттер саны бойынша бәрінен озып тұр. Мәселен, шетелде оқитын қытай студенттерінің саны миллионнан асады (1,021 млн), ал үнді студенттерінің саны соның жартысына тең (508,2 мың). Одан соң Вьетнам (137 мың), Германия (126,4 мың) және Өзбекстан (109,9 мың) тұр.

Егер шетелде оқитын студенттердің халық санына арақатынасын есептесек, Қазақстан 0,48% үлесімен 1-орында тұр.

Одан кейін Сирия (0,46%) және Өзбекстан (0,31%) орналасқан. Қытай мен Үндістан шетелде оқитын студенттер саны бойынша салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіштерге ие болғанымен, студенттердің халық санына қатынасы бойынша көреткіштері төмен, сәйкесінше 0,07% және 0,04%-ды құрайды.

Студенттер оқуға қай елдерді таңдайтынына келсек, АҚШ (833 мың), одан кейін Ұлыбритания (601 мыңға жуық), Австралия (378 мыңға жуық), Германия (376 мыңнан астам) және Канада (318 мыңға жуық) бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2024 жылы 186 мың түлек 11 сыныпты бітірген. Олардың ішінде 7 420-сы (түлектердің 4%) «Алтын белгі» иегері, 13 727-сі (түлектердің 7%) жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама