Halyq Uni логотип
×

Желіде алаяқтар Ұлытау әкімінің атынан ақша сұраған

Берік Әбдіғалиұлы алаяқтық жайлы ескертті

 Қымбат Елтайқызы 03.07.2024 | 14:20
Желіде алаяқтар Ұлытау әкімінің атынан ақша сұраған
фото: Halyq Uni

Бүгін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы алаяқтардың оның атын пайдаланып, таныстарынан ақша сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Бүгін белгісіз адамдар менің атымды жамылып, WhatsApp мессенджері арқылы жақындарыма, таныстарым мен әріптестеріме хабарлама жолдаған. Бөтен байланыс нөміріне менің жеке суретімді пайдаланған.

Мен бұл орын алған жағдайды – интернет алаяқтықтың бір түрі деп топшылаймын және жеке өз басым ешкімнен ақша жіберуін сұрамағанымды хабарлаймын.

Қадірлі достар, бүгінде интернет алаяқтықтың түрлі жолы бар. Алдағы уақытта келеңсіздіктерге тап болмас үшін сіздерді де сақ болуға шақырамын», - деп жазды әлеуметтік желідегі парағында Берік Әбдіғалиұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама