Министрлер халықпен кездесу үшін өңірлерге барады
Олардың кестесі де жарияланды
Қазақстандық министрлер халықпен кездесу үшін өңірлерді аралайды. Олардың жұмыс кестесі де жария болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Кесте 2024 жылдың екінші жартысына арналған. Сапарлар екі кезеңмен: 3-ші тоқсан және 4-ші тоқсанда өтеді.
Мәселен, жыл соңына дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 9 өңірге барады. Олардың қатарында Ақтөбе, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы мен Астана қалалары бар.
Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласын аралайды, – делінген құжатта.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл, Алматы , Жетісу, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарына, Шымкент пен Алматы қалаларына барады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Абай, Жетісу, Алматы, Ақмола, Ұлытау, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе облыстарын аралайды.
Басқа орталық орган басшыларының сапар кестесімен мына сілтеме арқылы толық таныса аласыздар.