Halyq Uni логотип
×

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына келді

Дәрігерлер аудан тұрғындарын тексеруден өткізбек

 Қымбат Елтайқызы 03.07.2024 | 12:29
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына келді
фото: БҚО әкімдігі

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын жалғастырып келеді. Пойыз тұрғындар саны 1000-нан асатын «Деркөл» стансасына (Зеленый кенті) тоқтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба шалғай ауылдардың, соның ішінде Бәйтерек ауданының тұрғындарына нақты және қажетті көмекті көрсетуді көздейді. 

Ашылу рәсімі барысында медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева және заңгер Айшат Ғаббасова тұрғындарға қандай қызметтер көрсетілетіні және пойыздың 10 маманы қандай көмек ұсынатыны жөнінде түсінік берді.

Жиналғандар алдында аудан әкімінің орынбасары М.Бәйменов, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А.Күльбарақова, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі М.Дәулетьярова мен тағы басқалар құттықтау сөз сөйледі. Аудан үшін маңызды шара барысында әнші А.Жекеков «Атамекен» әнін шырқады.

Одан кейін аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Е.Ғалиев, аудандық аурухана директоры Т.Мұсағалиев, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Т.Рогозина және басқалар пойыз жұмысымен танысты.

Ауыл тұрғындары «біз ақ халатты жоғары білікті мамандардың келуін асыға күттік. Олар бізге жыл сайын келеді және үнемі сапалы қызмет көрсетеді» деп атап көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама