Halyq Uni логотип
×

Сәтбаев су арнасында балықтың қырылғаны рас па –  комитет түсінік берді

Әлеуметтік желіде осы жайлы ақпарат тараған еді

 Қымбат Елтайқызы 03.07.2024 | 10:15
Сәтбаев су арнасында балықтың қырылғаны рас па –  комитет түсінік берді
фото: Балық шаруашылығы комитеті

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті орталық Қазақстанда орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы арнада балықтың болжамды өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«1 шілдеде Facebook әлеуметтік желісінің мониторингі барысында Қ.Сәтбаев атындағы арнада балықтың болжамды өлімі туралы жарияланым анықталды. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе) өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы барлық мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етті», – деді комитет.

2 шілдеде Инспекцияның мемлекеттік инспекторлары уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, болжамды балық өлімі анықталған орынға жедел тәртіппен шықты. Жедел топ Қ.Сәтбаев атындағы магистральдық арнасында балықтың өлу дерегін анықтаған жоқ, деп толықтырды ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама