Қостанай облысында дәрігерді балағаттаған тұрғын жауапқа тартылды
Ол өз кінәсін толық мойындады
Қостанай облысы Лисаков қалалық соты дәрігерді балағаттаған тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сотта анықталғандай, 2024 жылғы 25 маусымда әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, айыпталушы мас күйде бола тұрып, Лисаков қалалық ауруханасының қабылдау бөлмесінде жедел медициналық көмек көрсететін хирургке қатысты дөрекі балағат сөздер айтқан. Осылайша, ол қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінішін білдірді.
Лисаков қалалық сотының қаулысымен Г. кінәлі деп танылды және оған 3 ай мерзімге мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, атап айтқанда алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салу, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.