×

Қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берілді

2024 жылы жаз ыстық және құрғақ болады

 Дәурен Ерболат 02.07.2024 | 16:50
Фото: Halyq Uni

Биыл жазда өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қазақстандықтар сақ болуға тиіс, деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.

Басқарма мәліметінше, Қазақстан тұрғындары қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, төмендегі қарапайым ережелерді назарға алуы керек:

  • Орман алқабында от жақпаңыз, мангалды пайдаланбаңыз, қоқысты өртемеңіз;
  • Электр құрылғылары мен газ жабдықтарын байқап пайдаланаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Үйіңіздің жанында құрғақ өсімдіктер мен қоқыстар болса, оларды тазалаңыз.

Бұл ережелер өрт қаупін азайтып, өміріңізді аман сақтап қалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама