Атырауда жігіт 6-қабаттан секіріп кетті
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Дәурен Ерболат
02.07.2024 | 14:52
Атырауда тұрғын 6-қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 2 шілдеде сағат 1.00 шамасында болған.
30 жастағы жігіт көпқабатты үйдің 6-қабатынан секірді. Алған жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, – деп жазылған хабарламада.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.