Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда 10 жастағы бала қайсарлығы үшін марапатталды

Ол өртеніп жатқан үйден бауырын алып шыққан

 Дәурен Ерболат 02.07.2024 | 12:56
Көкшетауда 10 жастағы бала қайсарлығы үшін марапатталды
Видео скрин

Көкшетауда 10 жастағы бала қайсарлығы үшін медальге болды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қайсарлығы үшін 10 жастағы Артур Гаитовты марапаттау рәсімі өтті.

Ол өзін батыр деп санамайды. Алайда Артур Гаитов үйінде өрт болған кезде абдырап қалмай, ондағы электр қуатын өшірген. Бала өрт сөндірушілер келгенге дейін бір жасар бауырын қолына алып, терезеден шығып кеткен. Сондай-ақ оның аяғында гипс болған. Ол футбол ойнап жүріп, аяғын жарақаттап алған, - деп жазылған хабарламада.

Ақмола облысы ТЖД басшысының орынбасары Асхат Акильжанов ТЖ министрінің Жарлығымен 10 жастағы балаға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама