Halyq Uni логотип
×

Бүгін – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты елімізде жалпыұлттық аза тұту жарияланды

 Халық үні 10.01.2022 | 08:00
Бүгін – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
фото: ашық дереккөзден

Бүгін бүкіл Қазақстанда мемлекеттік тулар төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.

Елімізде жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстанда 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын, - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған өкімде.

Мемлекет басшысы қақтығыстар кезінде көз жұмған азаматтардың туған-туыстары мен отбасыларына көңіл айтқан болатын. Сондай-ақ ол қаскөйлікке барған адамдардың бәрі қатаң жазаланатынын жеткізген еді.

Атап өтсек, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шеруге еліміздің өзге өңірлері де қосылып, оның арты содырлардың ылаңына ұласты. Жағдай ушыққандықтан Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.

7 қаңтар күні ел аумағында террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі жарияланды. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар мен күш құрылымдарының қызметкерлері мерт болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама