Halyq Uni логотип
×

Су тасқыны: БҚО-да 800-ге жуық үй жаңадан салынады

Құрылысты онлайн бақылауға болады

 Дәурен Ерболат 02.07.2024 | 11:25
Су тасқыны: БҚО-да 800-ге жуық үй жаңадан салынады
Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде бүлінген 800-ге жуық үй жаңадан салынады, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Ведомство мәліметінше, БҚО Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында 90 жаңа үй салынуда. Құрылыс тамызда аяқталады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ 13 үйді жөндеу аяқталған.

Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады. 

ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 4 286 нысанға техникалық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде төмендегі іс-шаралар жоспарланып отыр:

  • 775 тұрғын үй салу;
  •  1 988 тұрғын үй сатып алу, оның ішінде 745 сатып алынды;
  •  1 527 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 922 үй жөнделді.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында үйлерді салуға және жөндеуге 1,8 мыңға жуық жұмысшы және 300-ден аса арнайы техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама