Оқиға 30 мамыр күні Бәйтерек ауданы Погодаев ауылында болды
Батыс Қазақстан облысының полициясы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті марапаттау кезінде суға батып бара жатқан екі баланы құтқарған инспекторға қолшам сыйға тартылып, грамота берген.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, оқиға 30 мамыр күні Бәйтерек ауданы Погодаев ауылында болды. Кинология орталығының инспекторы, полиция кіші сержанты Ержан Қуанышев сол күні демалыс уақытын пайдаланып, ата-анасына барған.
Тоған жанына автокөлікпен барған кезде 7-8 жасар бір топ баланың ойнап жүргенін көрген. Суға жақындамауын ескертіп, аз уақытқа машинасына кеткен. Қайта оралған кезде бір баланың батып бара жатқанын, екіншісінің суға тұншығып қалғанын көрген. Сол бойда суға секіріп, екеуін де құтқарып үлгерген. Есінен танып қалған балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен», - деді Дариға Мәжитова.
Ержан Қуанышевты ведомстволық наградамен марапаттау туралы шешім қабылдау және қарау үшін уәкілетті органға материалдар жіберілді.