Halyq Uni логотип
×

4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушісі жауапқа тартылды

Олардың қатысуымен 100-ден аса жол-көлік оқиғасы болған

 Динара Амантай 01.07.2024 | 17:50
4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушісі жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Елордада жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушілері анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы ПД мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері полицейлер 2900-ге жуық мопед жүргізушісі мен мыңнан астам самокат жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Мыңнан астам мопед пен 150-ден астам самокат коммуналдық тұраққа қойылды.

Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 жол-көлік оқиғасы, электрлі самокат жүргізушілерінің қатысуымен 9 ЖКО тіркелді.

16 жастағы жасөспірім Момышұлы даңғылының қиылысында Майлин көшесімен мопедпен келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысуға жол берген. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопед жолаушысы ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама