Алаяқтар ведомство атынан тұрғындарды алдауға кіріскен
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алаяқтар министрлік және Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті басшылығы атынан жазып, мемлекеттік қызметкерлерді алдауға кірісті. Олар жалған аккаунттарды пайдаланады. Алайда алаяқтар ұсынған деректерде адамның аты-жөні, суреті болады. Мұндай ақпаратқа сену оңай. Сондықтан сақ болған жөн, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ олар құпия ақпаратты алу үшін ықтимал жәбірленушіні азғыруға тырысады.
Комитет мәселені шешу үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер пайдаланбайтынын ескертеді. Мұндай алаяқтық фактілерінің барлығы құқық қорғау органдарына хабарлануға тиіс.
Егер сіз күдікті қоңыраудың шалынғанын немесе хабарламаны байқасаңыз, төмендегі әрекетті орындаңыз: