Оларға медициналық көмек қажет болмады
Қостанай облысында 70 шетелдік құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін таңертең Арқалықтан 18 шақырым жерде орналасқан Жезқазған-Петропавл бағытындағы жолда құтқарушылар техникалық ақауы бар автобустан Тәжікстан Республикасының 70 азаматын эвакуациялады.
Құтқарылғандарды Арқалық қаласының автостанциясына жеткізеді. Автобустың ақауы жойылғаннан кейін жүру бағыты бойынша қозғалыс жалғасады.
Эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады.