Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Дәурен Ерболат

Қазақстандықтар сақ болуға тиіс

Фото: Halyq Uni

Елімізде алаяқтар жаңа әдісті қолдана бастады, деп хабарлады stopfake.kz.

Әлеуметтік желіде «Ресми қайырымдылық қоры» (РҚҚ) әлеуметтік төлемдер төлейтіні туралы ақпарат жарияланды. Ондағы мәліметке сәйкес, Қазақстандағы барлық тұрғынның ірі көлемде ақшалай өтемақы алуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл жарнамаға сенбеңіздер және күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер, - деп жазылған хабарламада.

Елімізде жұмыс істейтін қорлардың тізімі Egov.kz электронды үкімет порталында жарияланған. Онда «Ресми қайырымдылық қоры» (РҚҚ) деген атаумен тіркелген ұйым жоқ.