Несие алу қиындап, темекі мен газ бағасы қымбаттайды: шілдеде Қазақстанда не өзгереді?

Айнұр Шошаева

Ал қыркүйектен бастап азаматтарға жұбайының келісімінсіз несие берілмейді

Коллаж Halyq Uni

Қазақстанда 1 шілдеден бастап газ, интернет пен темекі бағасы қымбаттайды. Сондай-ақ халықтың несие алуын қиындататын норма күшіне енеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін елімізде кредиттеу кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын және атқарушылық іс жүргізуді реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заңның бірқатар тармағы күшіне енеді.

Енді азаматтарға кредиттік жүктемені азайту үшін 90 күннен астам мерзім өткен жағдайда тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салынады.

Сондай-ақ 1 шілдеден бастап коллекторларға мерзімі өткен қарыздарды беруге 2 жылдық мораторий енгізіледі. Қарыздары коллекторларға берілген қарыз алушыларды қолдау үшін 2024 жылғы қазаннан бастап коллекторлардың берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу міндеті енгізіледі.

Бұған қоса, 2024 жылдың 20 тамызынан бастап банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін сыйақыны есептеуге тыйым салынады. Бұл мерзімі өткен барлық қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық несиелер бойынша 90 күн болса, жаңа ғана емес, сонымен қатар заң қабылданғанға дейін берілген қарыздарға да қатысты болмақ. 

Бұл заңның тағы бір жаңалығы – 1 қыркүйектен бастап жеке тұлғаларға жұбайларының келісімінсіз несие беруге тыйым салу.

ТАҢБАЛАУ ЕНГІЗІЛЕДІ

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап елде барлық дәрілік препаратты міндетті таңбалау және қадағалау енгізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, дамушы елдердегі дәрі-дәрмектің әрбір 10-шы пакеті контрафактілік деп танылған. Елдегі жалған препараттардың айналымы 10-12%-дан асады. Бұл экономикалық мәселе ғана емес, ұлттың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Сондай-ақ зергерлік бұйымдарды сандық таңбалауды көздейтін норма күшіне енеді. Ол зергерлік бұйымдарға міндетті цифрлық таңбалауды көздейді: оған тауар белгісі, мекенжайы, бұйымның атауы, артикул, сынама, масса, өлшемдер, кірістірулер туралы ақпарат көрсетілетін арнайы белгі қоса беріледі. Цифрлық таңбалау және тауарларды қадағалау жүйесі Қазақстандағы тауар айналымын ашық етеді деп жоспарланған.

ТАУАРЛЫҚ ГАЗ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛЕДІ

Энергетика министрлігі тауарлық газдың орташа көтерме бағасы көтерілетінін хабарлады. Бүгіннен бастап газ бағасы ел бойынша келесі бағада сатылады:

  • Астана – 84 теңге;
  • Алматы – 89 теңге;
  • Ақтөбе облысы – 59 теңге;
  • Атырау облысы – 59 теңге;
  • Ақмола облысы – 84 теңге;
  • Алматы облысы – 89 теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 84 теңге;
  • Жамбыл облысы – 78 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы – 70 теңге;
  • Қостанай облысы – 84 теңге;
  • Қызылорда облысы – 70 теңге;
  • Қарағанды облысы – 84 теңге;
  • Маңғыстау облысы – 59 теңге;
  • Павлодар облысы – 81 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 89 теңге;
  • Түркістан облысы – 70 теңге;
  • Шымкент – 70 теңге;
  • Абай облысы – 84 теңге;
  • облыс Жетісу – 84 теңге;
  • Ұлытау облысы – 84 теңге.

ТЕМЕКІ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Елімізде темекінің бағасы осы айда тағы қымбаттайды. Қаржы министрлігі сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілердің, папирос, сигариллалардың және қыздырылған темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағасына қатысты бұйрық дайындады. Құжат елімізде сатылатын сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 темекі, сигара және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағаларын бекітуді көздейді.

Жаңа баға – 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2024 жылдың 31 желтоқсаны аралығында 820 теңге;

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 870 теңгені құрайды.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең төменгі бағасы 770 теңгені құраған.

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

Еліміздің ІТ нарығына қатысушылар үшін жаңа міндеттемелерді белгілейтін нормалар, сондай-ақ дербес деректердің меншік иесін оның құқықтарының бұзылуы туралы хабардар етудің міндетті тәртібі күшіне енеді.

Енді жеке деректер базасының меншік иесі немесе операторы жеке мәліметтер қауіпсіздігінің бұзылуы анықталған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты адамды көрсетіп, осындай бұзушылық туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. Атап айтқанда дербес деректердің таралып кетуі немесе оларға өзге де рұқсатсыз қол жеткізу анықталған жағдайда, оларды сақтауды, өңдеуді және жинауды жүзеге асыратын компания бір күн ішінде Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін хабардар етуге міндетті.

Қазақстандықтар үшін тағы бір жаңалық – енді елімізде мемлекеттік қызметшілер жаңа тәртіп бойынша іріктеледі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы e-Qyzmet.gov.kz порталын іске қосып, іріктеудің жаңа ережелерін әзірледі.

Қазір порталға 22 мемлекеттік орган қосылды. 1 шілдеде жүйе қосымша 22 мемлекеттік органда енгізіледі. Жаңа жобаның ерекшелігі – азаматтар конкурстың барлық кезеңдеріне кез келген уақытта, интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген жерден онлайн қатыса алады.