Жалын аумағы 5 гектарды құрады
ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысында құрғақ шөптің жануын тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бәйдібек ауданының Ынтымақ ауылынан 5 шақырым қашықтықта 5 гектар алаңда құрғақ шөп жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылар отты толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомство.
Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар, деп ескертті құтқарушылар.
Елордада сауда контейнерлері өртенді. Өскемен қаласында алып қойма жанып кетті.