×

Түркістан облысында құрғақ шөп өртенді

Жалын аумағы 5 гектарды құрады

 Қымбат Елтайқызы 30.06.2024 | 13:10
фото: ТЖМ

ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысында құрғақ шөптің жануын тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бәйдібек ауданының Ынтымақ ауылынан 5 шақырым қашықтықта 5 гектар алаңда құрғақ шөп жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылар отты толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомство.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар, деп ескертті құтқарушылар.

Елордада сауда контейнерлері өртенді. Өскемен қаласында алып қойма жанып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама