Туристік маусымда құтқару операциялары жиілейді
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар ер адамға көмекке келді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Глубокое ауданы Жаңа Үлбі ауылының маңында 1991 жылы туған ер адам жартасқа көтеріліп, өздігінен түсе алмады, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Көмекке келген құтқарушылар оны жартастан түсіріп, арнайы костюм кигізіп су қоймасы арқылы өткізді. Содан кейін саяхатшыны облыс орталығына жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болмады, – деп толықтырды ведомство.
«Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», деп еске салды ТЖМ қызметкерлері.
Қарағанды облысында таудан түспек болған әйел қаза тапты. Алматы тауларында адасып кеткен шетелдік турист табылды.