Олардың ішінде көліктің қосалқы бөлшектері болған
Астаналық өрт сөндірушілер контейнерлердегі отты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін Сарыарқа ауданында сауда-кеңсе орталығының аумағында 40 тонналық металл контейнердің ішіндегі автокөліктің қосалқы бөлшектері жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ күштері жалынды толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомство.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар, деп ескертті құтқарушылар.
Өскемен қаласында алып қойма өртенді. Павлодар облысында көлік жанып кетті.