×

Қазақстанда АЭС салу бойынша жария талқы Қарағандыда өтеді

Тұрғындар сұрақтарын қоя алады

 Қымбат Елтайқызы 29.06.2024 | 13:00
фото: Қарағанды облысының әкімдігі

2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сонымен қатар, Жолдауда Қазақстан Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстанның Конституциялық заңымен регламенттелген, деп мәлімдеді Қарағанды облысының әкімдігі.

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды обласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр, – дейді әкімдік.

Жария талқыға атом саласының сарапшылары қатысады. Оларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялар қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақты қоя алады.

Іс-шара Қарағанды қаласы, «Қоғамдық келісім» КММ, Кеншілер даңғылы, 64 мекенжайында 2024 жылғы 5 шілде сағат 15.00-те өтеді.

АЭС бойынша референдум биыл күзде өтеді – президент. Мәулен Әшімбаев АЭС салу неге маңызды екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама