×

Уақыт белдеуіне қатысты жұмыс тобының екінші отырысы кейінге шегерілді

Петиция авторы өтініш жасапты

 Қымбат Елтайқызы 29.06.2024 | 12:10
фото: hi-tech.mail.ru

Уақыт белдеуіне қатысты жұмыс тобының екінші отырысы петиция авторының өтініші бойынша кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2024 жылғы 28 маусымға жоспарланған уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы автордың өтініші бойынша кейінге шегерілді. Келесі отырыстың өтетін күні мен уақыты туралы хабарлама петиция авторына осы жылғы 25 маусымда, белгіленген күннен үш жұмыс күні бұрын электрондық пошта арқылы және WhatsApp мессенджері арқылы жіберілді. 26 маусымда өтініш иелері жұмыс тобының отырысын кейінге қалдыру туралы хат жіберді. Осыған байланысты 28 маусымға жоспарланған отырыс кейінге қалдырылды. Келесі отырыстың күні кейінірек хабарланады, деп мәлімдеді Сауда және интеграция министрлігі.

Жұмыс тобының бірінші отырысы 21 маусымда өтті. Онда петицияның бастамашы топ өкілдерінің пікірлері тыңдалды. Бірінші отырыстың толық бейнежазбасы Сауда және интеграция министрлігінің YouTube арнасында қолжетімді. Кейінгі отырыстардың барлық бейнежазбасы да осы арнада жарияланады, – деп толықтырды ведомство.

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу халықтың денсаулығына кері әсер етті ме – министр жауабы. Қазақстанда уақыт белдеуі өзгерген күні 803 сәби дүниеге келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама