×

Алматы тауларында адасып кеткен шетелдік турист табылды

Оны кинолог мамандар тапқан

 Қымбат Елтайқызы 29.06.2024 | 09:00
фото: ТЖМ видеосынан кадр

Төтенше жағдайлар министрлігінің кинолог мамандары Алматы тауларында адасып кеткен Ұлыбритания азаматын тапты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы облысы Ақтас үстірті ауданының таулы жерлерінде іздестіру жұмыстары барысында адасып кеткен Ұлыбритания азаматын тапты, деп мәлімдеді ТЖМ.

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық жасағы жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ, – деп толықтырды ведомство.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 телефонына хабарласыңыз, деп еске салды министрлік.

Тауда жоғалып кеткен 2 жасөспірім табылды. Созақта қой бағуға шығып, қайта оралмаған екі жасөспірім табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама