Сүңгуірлер бірнеше күн бойы өзен түбін тексерген
1982 жылы туған Әбдірахманов Нұрлан Сембайұлы 31 мамырда жағалауға кетіп, содан бері байланысқа шықпаған.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам суға батып кетуі мүмкін деген нұсқа болғандықтан, сүңгуірлер бірнеше күн бойы өзен түбін тексерген.
4 маусымда ер адамның денесі Ертістен, Мұздыбай ауылы маңында табылды», - деді ведомство өкілдері.
Айта кетсек, бұған дейін Семей қалалық әкімшілігіне қарасты Новобаженово ауылында бір адам жоғалып кеткені жарияланған болатын.