Halyq Uni логотип
×

Астанада мешіттер мен шіркеулерге бақылау күшейеді

Бүгінде полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

 Дәурен Ерболат 27.06.2024 | 11:20
Астанада мешіттер мен шіркеулерге бақылау күшейеді
фото: Halyq Uni

Биыл 3-4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің өтінуе байланысты қауіпсіздік мақсатында мешіттер мен шіркеулерге бақылау күшейеді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ІІМ өкілі елорданың кіреберісіне блок бекеттер қойылғанын, полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін жеткізді.

Мұндай шаралар қабылданылып жатыр. Бұл – Қазақстанның ойлап тапқаны емес, халықаралық тәжірибе. Біз мұны халықтың қауіпсіздігі үшін істейміз. (Мұның бәрі) мәртебелі меймандарды қабылдаумен байланысты екенін алдын ала ескертеміз. Стратегиялық нысандар күзетіледі. Көрші мемлекетте болған оқиғаларға байланысты діни және басқа да нысандарға наряд қойылды, - деді Марат Қожаев Сенат кулуарында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама