×

Қарағандыда босанған әйел қайтыс болды: қылмыстық іс қозғалды

Динара Левченконың артында жаңа туған қызы және алты жасар ұлы қалды

 Қанат Атаманов 06.06.2022 | 20:00
фото: kaz.tengrinews.kz

Қарағанды облысының Полиция департаменті аяғы ауыр келіншектің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Жас ана босанған №1 перинаталдық орталықта қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

24 жастағы Динара Левченконың қайтыс болғаны туралы оның әпкесі Жанар Мағзұмова хабарлады. Ол бейнехабарлама жазып, оны әлеуметтік желіде жариялады. Әпкесінің айтуынша, Динара дәрігерлердің немқұрайдылығынан қайтыс болған.

Менің әпкем Динара Левченко 29 сәуірде Қарағандының №1 облыстық перинаталдық орталығында кесарь тілігі арқылы бала туды. Ол үйге ауыр жағдайда оралды. Бір күннен кейін гемоглобині 50-ге дейін төмендеді. Бұл қан кетуді білдіреді. Содан кейін ол сол ауруханада дәрігерлер оның жатырын шұғыл түрде алып тастады. Нәтижесінде ауруханада қан инфекциясы пайда болып, сепсис дамыды. Бұл мидың ісінуіне және өлімге әкелді. Менің әпкем 21 күннен кейін акушерлік сепсистен қайтыс болды», - дейді Анар Мағзумова.

Динара Левченконың артында жаңа туған қызы және алты жасар ұлы қалды. Туыстары әділ тергеу жүргізуді және оның өліміне кінәлілерді жазалауды талап етеді.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі болған оқиғаның мән-жайын түсіндірмеді. Дегенмен, босанған әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Тексеруді Қарағанды облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті жүргізеді. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», – деді аталмыш басқарма өкілдері.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері Динара Левченко бақыланған емханадан бастап перинаталдық орталыққа дейін тексеру жүргізетіндерін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама