Halyq Uni логотип
×

Бишімбаевқа апелляциялық сотта сөз берілді

Экс-министр 24 жылға сотталған

 Айгерім Таубай 26.06.2024 | 15:40
Бишімбаевқа апелляциялық сотта сөз берілді
Фото: Halyq Uni / Жансерік Күзембай

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев апелляциялық сотта сөйледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол қылмыстық іс бірінші инстанцияда қаралған кезде өзіне барлық дәлелді ұсынуға  мүмкіндік берілмегенін айтты.

Маған дәлел келтіру мүмкіндігі берілмеді. Бұл туралы сот барысында да бірнеше рет айттым. Түсінгенім бойынша шындық ешкімге керек емес, шешім алдын ала шығып қойған. Мен тек адвокаттарымның айтқанын қолдаймын, - деді Бишімбаев.

Айта кетейік, 26 маусымда Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі апелляция сатысында қаралып жатыр.

істі қарау барысында адвокат Назкен Құсайынова пен Ерлан Ғазымжанов экс-министрге «қинау» бабы бойынша шыққан үкімнің күшін жоюды сұрады.

Қуандық Бишімбаевқа тағайындалған жаза мерзімі жасалған іс әрекеттің ауырлығына сәйкес келмейді. Бишімбаев қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігінде көрсетілген әрекетті жасады. Ол мұны толық мойындады. Қамауға алынған кезден бастап мойындады. Ал «қинау» бабы бойынша Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі әрекеттің дәлелденбегеніне байланысты тоқтатуды сұраймын. Қылмыстық іс материалдарында оның (Салтанат Нүкенованың – ред.) Қуандық Бишімбаевқа қаржылай тәуелді болмағанын дәлелдейтін айғақтар бар. Анықтамалар да бар, - дейді адвокат Құсайынова.

Ерлан Ғазымжанов қылмыстық кодекстің 99-бабы «адам өлтіру» бабын қылмыстық кодекстің 106-бабына («денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру кісі өліміне әкелген жағдай») ауыстыру қажет деп санайды.

Бишімбаевтың адвокаты ретінде шыққан үкімге келіспеймін, оны заңсыз деп, «Адам өлтіру» бабын қылмыстық кодекстің 106-бабына ауыстыру қажет деп санаймын. Тағылған айыптың өзгеруіне байланысты жаза мерзімін азайту қажет. Ал «қинау» бабы бойынша үкім күшін жоюы қажет деп санаймын, - дейді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама