Оларға әкімшілік хаттама толтырылды
Қызылордада қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 2 мыңға жуық тұрғын анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қалалық полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.
Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен жыл басынан бері алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 1784 тұрғынды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы («Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген полиция хабарламасында.
Өз кезегінде, Қызылордалық полицейлер арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді.