Президент ғылымды дамытуды тапсырған болатын
Қазір әлемде ғылымның көптеген саласы, оның ішінде жаңа технологиялар қарыштап дамып жатыр. Осы орайда Halyq Uni тілшісі «Қазақстанда ғылымды дамыту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деген сауалды Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолдаған еді.
Ғылым комитетінің жауабына сүйенсек, Қазақстанда ғылымды дамыту үшін, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында келесідей жұмыстар атқарылып жатыр:
2023-2025 жылдарға арналған ғылымның жалпы бюджеті алдыңғы 2020-2022 жылдардағы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 3,3 есе өсіп, 643 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, биылғы 6 мамырда «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Онда ғылыми атақтары үшін жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтерге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы үшін – 25 еселенген АЕК-ке дейін және «профессор» – 50 еселенген АЕК-ке дейін қосымша ақылар белгіленді.
2023 жылғы 27 наурызда Президент Жарлығымен «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Президенті жанындағы «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгерді.
«Ғылым және технологиялық саясат» заң жобасы әзірленіп, Сенаттың пленарлық отырысында бірінші оқылымда мақұлданды. Аталған заң жобасының негізгі мақсаттары – ғылымды дамыту және елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізу жөніндегі технологиялық саясатты іске асыру, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті салааралық үйлестіру, – деді комитет.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қоса қаржыландыру үлесі 2023 жылға 20%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2023-2029 жылдарға арналған Ғылымды дамыту тұжырымдамасының көрсеткіштеріне қол жеткізуде және оны 50%-ға жеткізуде тұрақты түрде өсетін болады. Бұған ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыруда жеке сектор үшін Заң жобасында көзделген салықтық преференциялар мен жеңілдіктер ықпал етіп жатыр, онда 50% салық шегерімдері қарастырылған.
Сондай-ақ, Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Оның міндеті - ұлттық ғылыми-технологиялық саясаттың басымдықтарын, дамудың пәрменді тетіктерін айқындау, ағымдағы жағдайды сараптамалық бағалау.
Басты назардағы ғылым салалары
Халықаралық тәжірибені, елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында қойылған стратегиялық міндеттерді ескеріп, Қазақстан Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысының хаттамасымен 2023 жылғы 28 қыркүйекте 2024-2026 жылдарға арналған ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары мақұлданды:
Ғылымды дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобалар
Қазақстанда жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асып жатыр.
Ғылым және жоғары білім министрлігі конкурстарының нәтижесінде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған гранттық қаржыландыру бойынша 1981 жоба және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 161 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асып жатыр.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми-технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыруға 16 млрд теңге бөлінді. 4 бағдарламаны іске асыру басталды, онда ЖОО-лар жанынан:
Сонымен қатар, ғылымды дамыту үшін 2024 жылы ғылыми жобалардың жаңа конкурстарын өткізу жалғасады.
Елордада Тоқаев оқыған Қытай университетінің филиалы ашылады. «Қазақстанның туристік әлеуетін 30 жыл мақтағанымыз жетеді». Ғалым туризм неге құрдымға кеткенін айтты.