×

Министр техникалық мамандарды әскерден босатуды ұсынды

Жақыпова коллеждерде сержант құрамын дайындайтын әскери кафедра ашу қажет деп санайды

 Дәурен Ерболат 25.06.2024 | 12:00
Фото: Қорғаныс министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан азаматтарды әскерден босатуды ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл жағдайда елде техникалық маманның тапшы екенін ескеру қажет.

Қазір техникалық мамандықтар бойынша маман тапшы екенін ескеріп, оқу орнын аяқтап, мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан техникалық мамандық иелерін әскери борышын өтеуден босату мәселесін қарастыруды ұсынамын, - деді Жақыпова Үкімет отырысында.

Ал оларды әскери дайындықтан өткізу үшін коллеждерде сержант құрамын дайындауға бағытталған әскери кафедра ашу қажет деп санайды.

Отырыстан соң министр бұл ұсынысты Қорғаныс министрлігімен бірге талқылап жатқанын жеткізді.

Бұған дейін президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Оның ішінде әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметін өткеру кезінде және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде алған қарызына сыйақы есептеуден босатылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама