Елордада 90 мопед жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшыраған
22 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Елордада мопед жүргізушілері 90 жол-көлік оқиғасына себепкер болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте жол ережесін бұзғандар үшін коммуналдық тұраққа 92 мопед қойылған. Жыл басынан бері 22 мопед жүргізушісі әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, сондай-ақ алған жарақат салдарынан 1 адам қайтыс болды.
Бұған қоса, электроскутер жүргізушілері 9 жол-көлік оқиғасына ұшырады.
Еске сала кетсек, елордада 20-30 маусым аралығында қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.