Halyq Uni логотип
×

Алматылықтардың референдумға неге өте аз барғаны айтылды

Бұрын бюджет саласының қызметкерлерін дауыс беруге мәжбүрлеп, санкциялық шаралармен қорқытқан

 Еркеғали Болатұлы 06.06.2022 | 17:59
Алматылықтардың референдумға неге өте аз барғаны айтылды
фото: Orda.kz

Қазақстандық саясаттанушылар өткен референдумда Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында дауыс берушілердің аз келу себебін түсіндірді.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Жұлдызай Ысқақованың айтуынша, оңтүстік, солтүстік өңірлері белсенді болған.

Жалпы, Алматы қаңтар айындағы оқиғаларда ең көп зардап шеккен. Дегенмен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Алматыдан болған соң, сол жақта референдумға келушілер жоғары болады деп ойладым.

Бұл үлкен қалалардың парадоксы және жаһандық тренд болуы мүмкін», – деді Ысқақова Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте.

Ал саяси шолушы Ғазиз Әбішев алматылықтардың ең аз келуін олардың пікірлерінің екіге жарылуымен түсіндірді. Кейбіреуі «тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілмей, алдағы реформаларды талқылауға уақыт бермеді» деп мәлімдеген. Қалғандары көп бағытты түзетулер туралы айтса, енді біреулері дауыс беру үшін учаскеге жету ыңғайсыз немесе алыс болғанын, азаматтық құқығын іске асырудан гөрі демалыс күнінде демалуды жөн көргенін жеткізген.

Кәсіпкерлер көп болатын үлкен қалаға қарағанда, шағын қалаларды жұмылдыру оңай. Егер алматылықтар қарсы болса, олар учаскелерге барып, бюллетеньдерді бүлдіріп немесе қарсы дауыс берер еді, - дейді Ғазиз Әбішев.

 

Одан бөлек, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында келудің төмен болуының тағы бір себебі – бұрын Қазақстанда бюджет саласының қызметкерлерін дауыс беруге мәжбүрлеп, санкциялық шаралармен қорқытқан. Ал референдумға дайындық кезінде ондай жағдай болған жоқ.

Еске сала кетсек, азаматтардың Конституцияға енгізілген түзетулерге дауыс беруге келуінің ең төменгі көрсеткіш Алматыда – 32,25 пайыз болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама