Ол ересектердің қарауынсыз қалған
Бүгін Семейде ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Талғат Қоңқабаев пен Мират Бекетов Ертіс өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде «Заря» жағажайының аумағынан 2017 жылы туған баланы құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Анықталғандай, бала ересектердің қарауынсыз қалып, алыс қашықтыққа жүзіп, суға бата бастаған. Оны көрген Талғат Қоңқабаев көмекке асықты. Баланы жағаға шығарғаннан кейін қызметкерлер оны туыстарына берді. Балаға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.