×

УЕФА Роналдумен алаңда фотоға түскен балаға қатысты шешім шығарды (ВИДЕО)

Роналду бастаған Португалия құрамасы екі матчтан кейін 6 ұпай жинап, 1/8 финалға бірінші орынмен шығып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2024 | 17:00
Фото: championat.com

УЕФА Еуропа чемпионатында Криштиану Роналдумен фотоға түсу үшін алаңға жүгіріп шыққан балаға қатысты шешім шығарды.

Түркия мен Португалия құрамалары арасындағы матчта алаңға Роналдудың жанкүйері жүгіріп шығып, футболшымен фотоға түскен.

УЕФА 10 жастағы баланың әрекеті қауіпсіздік ережесін бұзғанына қарамастан, оған тек ескерту берумен шектелді. Ал Португалия мен Түркия ойыны 3:0 есебімен аяқталды. Қазір F тобында Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы екі матчтан кейін 6 ұпай жинап, 1/8 финалға бірінші орынмен шығып отыр. Екінші орында үш ұпаймен Түркия құрамасы келеді. Одан кейін бір-бір ұпай алған Чехия мен Грузия командалары үшінші және төртінші орынды бөлісіп отыр.

А тобында Германия мен Швейцария бірінші және екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты. В тобында Испания бірінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды. Енді Пириней түбегі елінің командасы А тобында екінші сатыдан көрінген Швейцария құрамасымен ширек финалға шығу үшін бақ сынайды. Ал А тобында көш бастаған алаң иелері Италия, Албания немесе Хорватиямен ойнауы мүмкін. Басқа топтарда екі ойыннан кейін қай елдің командасы келесі айналымға шығатыны белгісіз болып тұр. Үшінші тур бәрін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама