×

Таразда жалған полицей ұсталды

Оның бұл әрекеті тексерілмек

 Қымбат Елтайқызы 06.06.2022 | 17:45
фото: ашық дереккөзден

Құқық бұзушы 30 мамырда құрықталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Тұрар Рысқұлов атындағы саябақтың аумағын патрульдеу кезінде Тараз қаласының полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері полиция формасындағы күдікті жас жігітті байқады. Саябақта серуендеп жүрген жігіт полиция қызметкерлерін көріп, есеңгіреп қалған. Тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған полицейдің 19 жаста екенін және оның Түркістан облысының тұрғыны екенін анықтады. Ұсталған азаматтың осындай қылмысы үшін 2022 жылғы сәуірде Шымкентте сотты болғаны белгілі болды. Ол кезде жас жігіт ТЖД қызметкерінің киімін киген екен. Оның мұндай қадамға қандай мақсатпен барғанын тергеу анықтайды», – дейді ІІМ.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 390-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бап санкциясы 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту яки 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама