Бизнес-форум үш күнге жоспарланған
27-29 маусымда Алматы қаласында алғаш рет «New Vision: Бизнес күші» жаһандық бизнес-форумы өтеді. Ол Қазақстандағы жылдың ең жарқын әрі маңызды бизнес іс-шарасы болғалы тұр.
Үш күн бойы Алматы жаһандық инновациялар мен стратегиялық ойлаудың эпицентріне, қазақстандық ғана емес сонымен қатар шетелдік бизнес-көшбасшылардың, көрнекті саяси қайраткерлердің басын қосатын қалаға айналады.
Осындай ауқымды іс-шараны өткізіп, диалог алаңын құруға себеп – аймақтың дамуы, халықаралық бизнес қызығушылығының артуы және жергілікті стартаптардың айтарлықтай өсуі.
Форумның негізгі тақырыптары AI дәуіріндегі жаһандық мегатрендтерге, бизнес пен нарықтарға және өзгерістер дәуіріндегі көшбасшылыққа арналады.
Іс-шараға түрлі салалар өкілдері: бизнесмендер, инвесторлар, технологиялық көшбасшылар, коучтер мен өнер қайраткерлері, олардың ішінде Booking.com тең құрылтайшысы – Джефф Хоффман, Virgin Group негізін қалаушы – Ричард Брэнсон, жетістік психологиясы саласындағы әлемдік сарапшы – Брайан Трейси, Astana Group иесі, меценат – Нұрлан Смағұлов, Kusto Group негізін қалаушы-серіктесі, YPO Kazakhstan төрағасы – Қанат Көпбаев, Freedom Holding иесі – Тимур Турлов, «Mr Body Language», 15 бестселлер авторы – Аллан Пиз, BI Group акционері, филантроп – Айдын Рахимбаев, медиа-менеджер, Tan Media Group иесі – Арманжан Байтасов, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры құрылтайшысы, әрі қамқоршылық кеңесінің төрағасы, меценат – Исламбек Салжанов, Прасанна Санкар – құны 11,5 миллиард долларға бағаланған Rippling қызметкерлерді басқару стартапының негізін қалаушы және басқа да көрнекті кәсіпкерлер мен өз саласында үздік қайраткерлер қатысады.
Биыл форумға Димаш Құдайберген қатысқалы жатыр. Әлемге әйгілі әнші өзінің ең танымал хиттері мен жаңа әндерін орындап, арнайы бағдарлама ұсынады.
Үш күн ішінде форумға қатысушылар негізгі пікірталастарға, панельдік сессиялар мен воркшоптарға қосылады.
Әйгілі әлемдік фотограф, меценат – Бобби Сейгердің «BEING HUMAN» көрмесі мен фудкорт аймағы Республика сарайы алдындағы алаңда қаланың барлық қонағы мен тұрғындарын күтеді.
Жоба бастамашылары – Nobel Fest білім беру платформасы мен Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO) кәсіпкерлер қауымдастығы.
Форум ресми серіктестер Freedom Broker, Kusto Group холдингі, Allur Auto автомобиль компаниясы, BI Group құрылыс компаниясы, Atasu Group логистика компаниясы, сондай-ақ Kinopark кинотеатрлар желісі, Tiger Films продюсерлік компаниясы, MYD жарнама компаниясы, CITIX инновациялық компаниясы және Forbes.kz журналының қолдауымен өтеді.
Форум Алматы қаласында өтеді. Негізгі алаң ретінде Республика сарайы таңдалған. Одан бөлек «Қазақстан» қонақ үйі, «Novotel» қонақ үйінде өтеді. Форум таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін жалғасады.
Билеттерді https://newvision.academy сайтынан алуға болады.