×

Қарағандыда жол апатынан той кортежіндегі қалыңдық зардап шеккен

Базар маңында көлік қозғалысы шектелді

 Еркеғали Болатұлы 24.06.2024 | 15:50
фото: дереккөз

Қарағандыда той кортежінің көлігі апатқа ұшырады. Полицейлер оқыс оқиғаның салдарынан 3 адам зардап шеккенін мәлімдеді. Оның ішінде қалыңдық та болған, деп хабарлады ekaraganda.kz.

22 маусымда Қарағандыда Бұқар жырау даңғылында базар маңында жол апаты салдарынан көлік қозғалысы шектелді. Түскі уақытта Toyota және BMW маркалы 2 көлік соқтығысқан. Салдарынан тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне де зақым келген.

Жол-көлік апатына байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

22 маусымда сағат 12:18-де Бұқар жырау даңғылында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Toyota және BMW көліктерінің жүргізушілері және BMW-ның 20 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл дерек полицияда тіркелді, - делінген ведомство хабарламасында.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Енді оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама