БҚО-да оқ тиген полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Қызметтік қарудан өз-өзіне оқ атқан деген болжам бар
БҚО-да полиция департаментінің ғимаратында оқ жарақатын алған полицей аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы «Мой город» хабарлады.
Полиция қызметкері БҚО ПД ғимаратындағы бақылау-өткізу бекетінде абайсызда қызметтік қарудан өз-өзіне оқ атқан деген болжам бар. БҚО полиция департаментінің басылымға берген мәліметі бойынша, ол аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді, - деді полиция өкілдері.
Әзірге облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты ақпарат бермеген.