×

Бүгін Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталады

Жылдың үшінші «Үлкен дулыға» жарысына елімізден төрт бірдей теннисші қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2024 | 13:44
Фото: skysports.com

Бүгін Ұлыбританияның Лондон қаласында Уимблдон турнирінің іріктеу сайыстары басталады.

Жылдың үшінші «Үлкен дулыға» жарысының іріктеу турниріне елімізден төрт бірдей теннисші қатысады.

Әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеудің ширек финалында рейтингте 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен күш сынасады.

Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеевтің қарсыласы – рейтингте 171-сатыдағы франциялық Маттео Мартино.

Рейтингте 208-орындағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовпен бақ сынасады.

Тағы бір отандасымыз, 229-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриномен сынға түседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама