Halyq Uni логотип
×

Елорда әкімдігі Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінен шыққан өрт шығынын өтеп бермейді

Бұған дейін қала әкімі өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясы құрылатынын айтты

 Халық үні 24.06.2024 | 11:40
Елорда әкімдігі Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінен шыққан өрт шығынын өтеп бермейді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана әкімдігі «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінде шыққан өрт шығыны бюджет қаражатынан өтелмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айта кетейік, 22 маусымда «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығы маңындағы тұрғын үйден өрт шықты. Содан кейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесіп, өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясы құрылатынын хабарлады.

Сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз, - деп мәлімдеді қала әкімі.

Алайда 24 маусымда қала әкімдігі комиссия ұйымдастыру мәселесімен айналысатынын, өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейтінін жеткізді.

Комиссия ғимаратты әрі қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Қала әкімдігі ұйымдастыру мәселесі бойынша көмек көрсетеді, - деп хабарлады әкімдік.

Ресми ақпарат бойынша, өрт 180 шаршы метрді шарпыған. Мамандарының көмегімен 10 адам өрт шыққан кезде сыртқа шығарылған, оның ішінде 6 ересек және 4 бала бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама