×

Бюджет қаржысын бақылау, елордалықтардың өмірін жайлы ету: Астана мәслихаты немен айналысады?

Астаналық мәслихаттың сегізінші шақырылым депутаттары 200-ге тарта көшпелі жиын өткізген

 Айнұр Шошаева 21.06.2024 | 13:30
Фото: Владислав Воднев

Биыл – Қазақстандағы мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл. Бүгінде жергілікті мәслихаттар мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бақылауды жүргізудегі басты органға айналды, деп хабарлайды Halyq Uni

Бүгінгі күні  Астана қаласының мәслихаты елорданың дамып, елордалықтардың жайлы өмір сүруі үшін мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бақылау жүрізіп келеді. Елордалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимовтың айтуынша, қазіргі уақытта мәслихатқа жүктелген міндет көп. Оның ең бастысы – бұл қала тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз ету.

Астана қаласының мәслихаты елорданың дамып, елордалықтардың жайлы өмір сүруі үшін мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бақылау жүрізіп келеді. Елордалық мәслихаттың төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, қазіргі уақытта мәслихатқа жүктелген міндет көп. Оның ең бастысы – бұл қала тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз ету. 

Елорда мәслихаты бас қалада өмір сүру қауіпсіз әрі жайлы болу үшін жұмыс істейді. Бұл үшін барлық мемлекеттік органдар және әкімдіктің құрылымындағы барлық мекемелермен байланыс орнатылды. Мәслихаттың тиімді жұмысының жарқын мысалы ретінде әкімдікке қарасты басқармалардың бюджеттік өтінімдерін қалыптастыруға қатысуын айтуға болады. Яғни, бүгінгі күні бюджет қаржысын бөлудің басымдығын мәслихат депутаттары анықтайды. Бұл жұмыс бюджет қабылданбай тұрып, 2-3 ай бұрын жүргізіледі. Мәслихаттың төрт комиссиясының мүшелері тұрақты түрде тексеру комиссиясынан қалалық бюджеттің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпаратты сұратады. Қаржы бөлу кезіндегі талқылаулар әрдайым белсенді әрі қызу жүргізіледі. Тіпті, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары шақырылып, қызу талқыдан соң  көптеген шығындар түзетуге жіберіледі. Осылайша, депутаттар мемлекет қазынасының әр теңгесін түгендеп, оның мақсатты жұмсалуын қадағалап отырады, - деді ол. 

Мәслихаттың қазіргі депутаттары өз функцияларын босатылмаған негізде орындайды. Бұл жаңа тәжірибе Қазақстан бойынша 2 жыл бұрын алғаш рет Астанада енгізілген. 

«Депутаттар үшін сайлаушылармен өзара байланыс кезінде барынша ашық болу маңызды. Қазақстан президенті Қ. Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында азматтық қоғамды қолдау және нығайту, оларды шешу мақсатында неғұрлым өзекті жалпымемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту қажет екенін бекер айтқан жоқ. Бұл қағида азаматтық қоғамды құрудың жетекші күші ретінде қарастырылуы керек. Бүгінгі таңда депутаттардың өз сайлаушылары алдында есеп беруі ең алдымен халықпен тығыз байланыс орнатуға, екіншіден өз жұмысының ашықтығын арттыруға зор үлес қосып отыр», - деді мәслихат төрағасы. 

Сондай-ақ ол депутаттар өз сайлаушыларына есеп беріп қоймай, тұрғындармен етене араласып, әр аумақтың тыныс тіршілігінен хабардар болып отыратынын атап өтті. 

«Мәслихат қабырғасында көтерілген өзекті мәселелердің басым бөлігі шешімін тапты деп сенімді түрде айта аламын. Шешімін таппаған кейбір түйткілді мәселелерді депутаттар ерекше бақылауда ұстап отыр. Әсіресе, әлеуметтік нысандардың құрылысын үнемі бақылауда екенін атап өткім келеді. Депутаттар құрылыс нысандарына барып, жұмыстың сапасын қадағалайды. Қоғамдық маңызы бар мәселелерді тақылау үшін депутаттар, атқарушы органдардың және азаматтық сектордың қатысуымен жүйелі түрде жария тыңдаулар өткізіліп тұрады. Бұдан бөлек, комиссиялар мәслихат шешімдері, қабылданған бағдарламалары және мемлекеттік билік пен басқару органдарының басқа да актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты екенін айта кету керек. Соған сәйкес, жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп беріп тұрады», - деп толықтырды Ерлан Каналимов. 

Айта кетейік, мәслихат ашықтық пен кері байланысқа ерекше көңіл бөледі. Мәселен, мәслихат сайтында әр депутаттың WatsApp нөмірлері жарияланған. 

Халықпен кері байланыс үшін депутаттардың WatsApp нөмірлері жарияланды. Сонымен қатар азаматтарды қабылдау және халықпен кездесу кестесі бекітілген. Мәселен, депутаттар кемінде үш рет қабылдау өткізеді. Атап айтқанда алдымен өз округтерінде, одан кейін сайланған партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде және мәслихаттың қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдайды. Біз былтыр арнайы қабылдау бөлмесін аштық. Онда депутаттардың әрқайсысы кестеге сәйкес, айына бір рет азаматтарды қабылдайды.  Осылайша халықтың әр өтініші тыңдалып, шешімін табу үшін тиісті мекемелерге жеткізіледі, - деп жалғастырды сөзін. 

Астаналық мәслихаттың сегізінші шақырылым депутаттары 200-ге тарта көшпелі жиын өткізген. Жалпы, кеңседен тыс мұндай жиындар түрлі нысандарға барып, қалыптасқан жағдайды көзбен көріп, мәселені пайда болған жерінде талқылауға мүмкіндік береді. 

«Елордалық мәслихаттың жоспарлы іс-шараларынан басқа, апта сайын жергілікті жерлердегі ахуалмен танысу үшін 3-4 көшпелі кеңес өткізіп тұрамыз. Көшпелі жиындар кезінде түрлі еңбек ұжымдары, мүдделі мемлекеттік органдармен әңгімелесеміз. Содан кейін басым бағыттар бойынша мәслихаттың жекелеген кеңейтілген отырыстарын өткізіледі. Соның арқасында барлық өзекті сұрақтарға жедел жауап беріп, қажет болған жағдайда әртүрлі түзетулер енгіземіз», - деді Ерлан Каналимов. 

Сондай-ақ мәслихат бір мандаттық округтердің мәселелері ерекше назарда ұстайтынын атап өтті. 

Бір мандаттық округтердің тұрғындарының мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өту керек. Аталған округтерден сайланған депутаттар тұрғындардың ұсыныстары мен аманаттарын жинап, өзекті мәселелерді шешу үшін жол картасын әзірлеген болатын. Олар сайлау процесі кезінде қазіргі депутаттар кандидат болған кезде жиналған-ды. Осы орайда қазір өзекті мәселелердің 40%-ға жуығы бір жыл ішінде шешілгенін атап өткім келеді. Биыл кейбір жүйелі мәселелерді айтпағанда, жол картасының барлық мәселелері шешімін тапты, - деді мәслихат төрағасы. 

Еске сала кетейік, елорданың өзекті салалық мәселелерін шешу үшін арнайы үш жылдық кешенді жоспарлар қабылдана бастады. Мәслихат әкімдікпен бірлесіп алдағы 3 жылға арналған түрлі салаларда бірқатар кешенді даму жоспарлары әзірленіп, олар бүгінде іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітіліп, соның аясында медициналық объектілерді салу, жөндеу, жабдықтау, мамандардың жалақысын көтеру мәселесі шешімін тапты.

Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған елордада қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырыла бастады. Бұл құжат қажетті автокөлік, есірткі заттарын жедел анықтау үшін жабдықтар сатып алу, учаскелік және модульдік полиция пункттерін салу, бейнебақылау камераларын орнату, тәртіп сақшыларына арналған спорт кешенін жөндеу және т. б басқа мәселелердің шешімін табуына негіз болды.  Бұған қоса, елордалық мәслихат депутаттарының бастамасы бойынша, тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылып, оны алушылардың санаты кеңейтілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама